Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар жауады, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–7 градус аяз болады.
Ауа температурасы:
- Батыста: күндіз ауа температурасы негізінен 18… 25 °C болады.
- Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы 0… 5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз 13… 18 °C-тан 15… 20 °C-қа дейін аздап құбылады.
- Солтүстікте: түнде ауа температурасы 0… 5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз 6… 12 °C-тан 12… 17 °C-қа дейін аздап өзгереді.
- Орталықта: күндіз ауа температурасы негізінен 10… 20 °C болады.
- Шығыста: түнде ауа температурасы 0… 5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз негізінен 3… 12 °C, таулы аудандарда −2 °C болады.
- Оңтүстікте: түнде 2… 7 °C, күндіз 18… 25 °C болады.
- Оңтүстік-шығыста: күндіз 10… 18 °C, таулы аудандарда 3… 8 °C болады.