ОПЕК: 2035 жылы мұнай әлем экономикасының бас энергоресурсы мәртебесінен айырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2035 жылы мұнай әлемдік экономиканың бас энергетикалық ресурсы болмайды. Мұндай болжамды энергонарықтың перспективалары туралы баяндамасында Мұнайды экспорттаушы ұйым (ОПЕК) мәлімдеді.

Сарапшылар 2035 жылы мұнай әлемдік экономиканың негізгі ресурсы мәртебесінен айырылады деп санайды, шикізат жеткізу тәулігіне 95,4 млн баррельді құрайды - бұл әлем нарығының 27,8 пайызы. 2035 жылғы нарықтың 28,4 пайызы көмірдің еншісінде - мұнай баламасының 100 млн. баррелі.

Баяндамаға сәйкес мұнай бағасына келер болсақ, ОПЕК-тің мұнай себеті баррелінің құны 2025 жылы номиналдық бағалық мәнде барреліне 124 долларға, 2040 жылы 177 долларға жетеді. Бұл ретте шынайы мәнде (өткен жылдың бағасы) ОПЕК-тің мұнай себеті баррелінің құны 2035 жылы барреліне 100 доллар деңгейінде сақталады, ал 2040 жылы барреліне 102 доллар болмақ.

Бүгінгі таңдағы мұнайға бағаның төмендеуіне қатысты жағдайды айта келе, ОПЕК бас хатшысы Абдалла Салем аль-Бадри ұйым мұнай бағасы күрт төмендегенімен ұйымның аса алаңдамайтынын мәлімдеді.

Бұл ретте аль-Бадридің айтуынша, ОПЕК 2015 жылдың екінші жартысында мұнай бағасы бірден көтерілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.