ОПЕК: Алдағы бес жылда мұнайдың бір баррелі 100 долларға дейін қымбаттамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК-тегі Кувейт өкілі Мухаммед аш-Шатти ТАСС агенттігіне берген сұхбатында, алдағы бес жылда мұнайдың бір баррелінің бағасы $100 дейін қымбаттамайтынын айтты.

Сондай-ақ аш-Шатти мұнай нарығындағы жағдай тұрақталатынын, ал 2016 жылға деген болжамды ағымдағы жылдың екінші жартысында жасауға болатынын тілге тиек етті.

Сонымен бірге Кувейт өкілі мұнай бағасының құлдырауына ОПЕК құрамына кірмейтін елдер кінәлі екенін айтты.