— ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гайс 2025 жылдың 2-4 қазаны аралығында Астанада өтетін Қазақстандық энергетика апталығы–2025 / XVI KAZENERGY Еуразиялық форумына қатысатынын растады, — деп хабарлайды Kazenergy.
Форумда саланың негізгі трендтері, ағымдағы сын-қатерлер мен даму перспективалары талқыланады.
— Мен осы беделді шараға өз үлесімді қосып, пленарлық отырысқа қатысуға қуаныштымын, — деді Хайтам әл-Гайс.
Бұған дейін Қазақстанның ОПЕК келісімі бойынша өз міндеттемелеріне берік екені және альянстан шығу мүмкіндігін қарастырмайтыны хабарланған болатын.