Бұл туралы ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мохаммед Баркиндо мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
«Әзірге бұл туралы айтуға ерте. Мамыр айында кездескенде барлық мәліметтерді қарап, қол жеткізген жетістіктерімізді көре аламыз», - деді ол АҚШ-та Хьюстон қаласында өтіп жатқан CERAWeek энергетикалық конференциясында.
Мұнай өндірісіне шектеу енгізу туралы келісім 2017 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. Келісім жарты жыл бойы өз күшінде болады және қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.