ОПЕК+ елдері қарашада мұнай өндірісінің қазіргі деңгейін сақтауға келісті

АСТАНА. KAZINFORM — ОПЕК+ елдері 2026 жылдың мұнай өндірісінің қазіргі деңгейін қараша айында да сақтауға келісті. Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өкілдерінің онлайн кездесуінен кейін осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazinform opec.org сайтына сілтеме жасап.

Фото: Газета.ру

Шешімге сәйкес, 2026 жылдың қыркүйегіне белгіленген міндетті өндіріс деңгейі қараша айында да сақталады. Яғни одақ екі ай бойы өндіріс көлемін ұлғайтпайды.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастық туралы келісімді ұстанатынын растап, әлемдік мұнай нарығын одан әрі бақылауға ниетті екенін білдірген.

ОПЕК ұйымына мүше жеті елдің келесі кездесуі 2026 жылдың 1 қарашасында өтуі тиіс.

Бұған дейін «Үлкен жетілік» (G7) елдері әлемдік энергетика нарығын тұрақтандыру мақсатында стратегиялық қорларындағы 100 миллион баррель мұнай мен мұнай өнімдерін бірлесіп нарыққа шығаруға келіскен болатын. Мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу жақын арада басталып, 4 айға созылады.

Сауд Арабиясы Ормуз бұғазын айналып өтетін «Шығыс–Батыс» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қайта бастады.