Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо жыл сайынғы KOGS-2017 мұнайгаз конференциясы аясында өткен сессияда мәлім етті.
«Соңғы екі жылдың ішінде біз тек секторға салынған инвестицияның ғана емес, мұнайдан түсетін табыстың да төмендегенін көрдік. ОПЕК елдері осы кезеңде 1 трилионнан астам доллар жоғалтты»,-деді ол.
Баға 2014 жылдың күзінен төмендей бастаған.
2015 жылдың ақпанында мұнайдың баррелі 28 долларға түсіп кетті. Бұл құлдыраудың шыңы болды. Сарапшылардың пікірінше, 2015-2016 жылдары мұнай өндіруші салаға салынған инвестиция екі есеге азайған.
Қазіргі уақытта қол жеткен келісім мұнай баррелін 50-55 доллар шамасында ұстауға мүмкіндік туғызып отыр.