22 қаңтар күні Венада министрлік деңгейінде ОПЕК және ұйымға кірмейтін елдердің мұнай өндірісін шектеу жайлы келісімін бақылайтын комитеттің алғашқы отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында РФ энергетика министрі Александр Новак веналық келісім аясында мұнай өндірісінің тәулігіне 1,5 миллион баррельге дейін, кейінірек 1,7 миллион баррельге дейін қысқарғанын мәлімдеді.
30 қараша күні ОПЕК өндірісті күніне 1,2 миллион баррельден - 32,5 миллион баррельге дейін қысқарту жайында уағдаласты. Желтоқсан айында ұйымға кірмейтін мемлекеттер де келісімді мақұлдады.