Бұл туралы ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо айтты.
М.Баркиндо осы нәтиже мамыр айындағы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары екендігін және осылай мұнайды өндіру көлемін қысқарту бойынша міндеттемелердің бірте-бірте орындалып жатқандығын атап айтты.
Айта кетейік, 2016 жылдың соңында ОПЕК құрамына кіретін елдер және оған кірмейтін мемлекеттер мұнайдың көлемін тәулігіне 1,8 млн баррелге қысқарту туралы келісімге келген болатын.