Мұндай шешім Венада өткен кездесулердің нәтижесінде қабылданған. Кездесуде ОПЕК ұйымына мүше және өзге де жетекші мұнай өндіруші елдердің өкілдері қатысты.
Басылымның дереккөзіне қарағанда, мұнай өндіру көлемін қысқарту жөніндегі келісімге жаңа қосылған елдердің бірі - Қазақстан.
Осыған дейін Ресейдің Энергетика министрлігі бұған дейін өзінің мойнына алған мұнай өндіру көлемін тәулігіне 300 мың баррельге дейін қысқарту жөніндегі міндеттемесін орындайтындығы айтқан болатын.