Мәлімдемеде бұл шешімнің әлемдік экономиканың тұрақты келешегі мен нарықтағы оң іргелі көрсеткіштерге байланысты қабылданғаны атап өтіледі. Атап айтқанда, әлемдік мұнай қорының төмен деңгейі нарықтағы тепе-теңдіктің сақталып отырғанын көрсетеді.
ОПЕК елдері нарық жағдайын үнемі бағалап отыратынын және қажет болған жағдайда өндірудің жоспарлы өсімін тоқтату немесе қайта қарау мүмкін екенін мәлімдеді.
ОПЕК деректеріне сәйкес, қараша айында:
Ресей мен Сауд Арабиясы өндірісті тәулігіне 41 мың баррельге,
Ирак — 18 мың баррельге,
БАӘ — 12 мың баррельге,
Кувейт — 10 мың баррельге,
Қазақстан — 7 мың баррельге,
Оман — 4 мың баррельге,
Алжир — 4 мың баррельге арттыра алады.
Нәтижесінде елдердің жаңа өндіріс квоталары келесідей белгіленді:
Ресей — 9,532 млн баррель/тәулік,
Сауд Арабиясы — 10,061 млн баррель/тәулік,
Ирак — 4,255 млн баррель/тәулік,
Кувейт — 2,569 млн баррель/тәулік,
БАӘ — 3,399 млн баррель/тәулік,
Қазақстан — 1,563 млн баррель/тәулік,
Оман — 808 мың баррель/тәулік,
Алжир — 967 мың баррель/тәулік.
ТАСС агенттігінің есебі бойынша, кейбір елдердің бұрынғы кезеңдегі артық өндіруін өтеу кестесін ескере отырып, қараша айында нақты өндіріс өсімі шамамен тәулігіне 74 мың баррель.
Келесі ОПЕК «сегіздік» кездесуі 2025 жылғы 2 қарашада өтеді.
Айта кетелік ОПЕК негізгі мүшелері мұнай өндіруді ұлғайтуға келіскен еді.