Министрдің айтуынша, ОПЕК елдері қыркүйек айында Алжирде өтетін 15 халықаралық энергетикалық форуммен қатар бейресми консультация өткізуді жоспарлап отыр.
«Үшінші және төртінші тоқсанда мұнайға деген сұраныс артады», - делінген ОПЕК хабарламасында. Әл-Сада биылғы ақпан айынан бастап, өндірістің төмендеуінен, әлемнің түрлі аймағына мұнай жеткізудің үзілуінен және қордың азаюынан мұнайға әлемдік сұраныстың артқанын, мұнай бағасының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті.