ОПЕК Иранға мұнай өндіруді көбейтуге рұқсат етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді күніне 3,797 млн баррельге дейін арттырады. Венада өткен отырыста мұнай экспортерлері осындай шешімге келді.

ОПЕК мәжілісінің қорытынды келісіміне сілтеме жасап РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, қалған елдер мұнай өндіруді қысқарту мөлшерін өзара бөліскен.

Атап айтқанда, ең үлкен азайту Сайд Арабиясының еншісінде. Бұл елде өндіру күніне 486 мың баррельге кемиді.  

Ливия мен Нигерия өндіруді қысқартуға міндеттенген жоқ. Ал Индонезия өзінің ұйымға мүшелігін уақытша  тоқтатады.

Ресей тәулігіне 300 мың баррельге азайтуға келісті.

 Айта кетсек, ОПЕК елдері Венада өткен  отырысында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 млн баррельге қысқарту жөніндегі келісімге қол жеткізген еді.