Қазақстан әрқашан ОПЕК қатысушы елдердің бастамаларын қолдады. 2024 жылғы қаңтарда міндеттемелердің асып кетуіне қарамастан, Қазақстан келесі төрт ай ішінде артық өндірісті өтейді. Сонымен қатар 2023 жылғы 4 маусымда өткен ОПЕК 35-ші министрлік кездесуінде келісілген өндіру жөніндегі өз міндеттемелерін атқарады.
Сондай-ақ кейбір ОПЕК елдері мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер 2023 жылдың сәуірінде қабылдаған қосымша ерікті міндеттемелерді және одан кейінгі 2023 жылдың қарашасында қабылданған 2024 жылғы ақпан мен наурызға арналған келісімдерді орындауды жалғастырады.