«Біз Ресей, Әзербайжан, Қазақстан, Оман, Мысыр, Бахрейн, Колумбия, Мексика, Тринидад пен Тобаго, Боливия, Норвегия және Канадаға шақыру қағазын жібердік», - деді министр журналистерге.
Аталған елдердің қайсысы қатысуға келісім берді деген сұраққа ол әзірге Ресей мен Қазақстанның ғана қатысатынын растағанын айтты. Сонымен бірге, Дель Пино 28 қазан күні ОПЕК елдері өкілдерінің кездесуі өтетінін, ал 29 қазан күні өзге мемлекет өкілдерінің қосылатынын мәлімдеді.