Келіссөз барысында тараптар ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары мен ОПЕК Қорының қолдауымен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Қор президенті ұйымның техникалық қолдау да, грант та ұсынуға дайын екенін атап өтті, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде жүзеге асып жатқан ағымдағы жобалар туралы айтты.
Энергетика министрі өз кезегінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұлттық мақсаттарға сәйкес келетін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері объектілерін салу жобалары жөнінде хабарлады.
Ол сондай-ақ инвестицияны қорғау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өндірісті оқшаулау және геологиялық барлау салаларындағы инвесторлар үшін тұрақты фискалдық және реттеуші преференцияларды ұсынудың маңызын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуді, сондай-ақ «таза» көмір технологиясын дамыту перспективаларын қарауды жалғастыруға келісті.
ОПЕК халықаралық даму қорын 1976 жылы ОПЕК-ке мүше мемлекеттер құрды. Қор дамушы елдердің экономикалық дамуына ықпал ететін халықаралық даму қаржы институты болып табылады.
Қорға 12 мемлекет мүше: Алжир, Венесуэла, Габон, Индонезия, Иран, Ирак, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эквадор.