ОПЕК мұнай «қоржынының» бағасын 3,4 пайызға көтерді және баррелі 52 доллардан асты

ВЕНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат – ОПЕК мұнай «қоржынының» бағасын 3,4 пайызға көтерді және алғаш рет үш жарым аптаның ішінде баррелі 52 доллардан асты.

Мысалы, мамырдың 4-індегі жағдай бойынша ОПЕК мұнайы «қоржыны» 1,70 долларға қымбаттады, ал оның ресми бағасы 52,11 долл./баррельді құрады ? бұл сәуірдің 9-ынан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.ОПЕК (OPEC Reference Basket of crudes) мұнай «қоржынының» бағасы ОПЕК елдерінің әлемдік нарыққа шығаратын мұнай бағасының жиынтық орташа арифметикалық көрсеткіші болып табылады.