ОПЕК мұнай өндіру көлемін төмендетпеу туралы шешім қабылдады

ВЕНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Венада өткен конференцияда Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) «қара алтын» өндірісінің көлемін төмендетпеу туралы шешім қабылдады.

ОПЕК өкілдері мәлім еткендей, картельдің келесі отырысы мамырдың 28-інде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.Вена кездесуінің қарсаңында мұнай өндірісін азайту ықтималдығы туралы әңгімелер көп айтылды, сарапшылардың пікірінше, бұлай ету мұнай бағасының өсуіне оң әсерін тигізетін еді. Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК отырысының күнтәртібіндегі басты мәселе - қатысушы елдердің мұнай өндіру көлемін тағы да қысқарту мүмкіндігі болған еді.