ОПЕК мұнай өндіру квотасын өзгертпеу туралы шешім қабылдады

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мүшелері шикізат өндірісіне белгіленген квотаны өзгертпеу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Анголаның  елордасында   өткен  кездесуде      Сауд  Арабстанының     мұнай  министрі Әли әл-Наими    мәлім етті,  деп  хабарлайды Associated Press агенттігі.

ОПЕК елдерінің кездесуі      картельге  осыдан екі жыл   бұрын   қосылған  Анголада алғаш рет өтіп  отыр.

ОПЕК Бас  хатшысы  Абдалла  әл-Бадри бұдан бұрын мәлім еткендей,   мұнайдың әлемдік бағасы  қазіргі уақытта  «өте  ыңғайлы»  деңгейде тұр.  75 доллар/баррель шамасындағы бағаның  қазіргі   деңгейін  картельге мүше елдердің   көбісі     оңтайлы  деп    санайды.