ОПЕК мұнай өндіру квотасын сақтап қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мұнай өндірудің ресми квотасын өзгеріссіз қалдыруды ұйғарды, деп хабарлады РБК Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

ОПЕК мүшелері отырысының қорытындылары бойынша оқылған коммюнике мәтінінде квоталар туралы ақпарат айтылмаған.

«ОПЕК-тің болашағы бұрынғыдан әлдеқайда күшті. Бірақ та біз қазір квота бойынша шешім қабылдай алмаймыз. Иран қайта оралуда. Сөйтіп, біз шешімді ОПЕК-тің келесі кездесуіне дейін қалдыра тұруға ұйғардық, сол кезде жағдай айқынырақ болады», - деген ОПЕК бас хатшысы Абдалла Салем әл-Бадридің сөзін келтірген Financial Times. ОПЕК-тің келесі кезекті отырысы 2016 жылғы 2 маусымда өтетіні жоспарланған.