Кей өндірушілер, оның ішінде Сауд Арабиясы өндіру көлемін талап етілгеннен көбірек қысқартты, деп атап өтіледі IEA материалдарында. Бұл ретте қысқартудан босатылған Ливия, Нигериядағы ішінара өсіммен орны толды.
IEA 2017 жылы мұнайға әлемдік сұраныстың өсімі бойынша болжамды күніне 100 мың баррелге, күнделікті 1,4 миллон бөшкеге дейін жақсартты. Алайда тұтастай нарық қатысушылары әліптің артын бағуда, деп атап өтіледі баяндамада.
Ақпанның басында ірі мұнай экспортшысы Сауд Арабиясы АҚШ, солтүстік-батыс Еуропа, Жер Орта теңізі мен Азия елдерінен сатып алушыларға бағаны көтерді.