ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін тамызда ұлғайтады
АСТАНА. KAZINFORM – ОПЕК+ ұйымының 8 елі мұнай өндіру көлемін тамыз айында тәулігіне 548 баррельге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл туралы ұйымның сайтынан мәлім болды.
- Тұрақты әлемдік экономикалық перспективалар мен мұнай қорының төмендігін көрсетіп отырған ағымдағы нарық жағдайы аясында ұйымға мүше 8 мемлекет өндіру көлеміне түзету енгізіп, 2025 жылдың тамызынан бастап шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 548 мың баррель өндіретін болады. Бұл биылғы көктемде келісілген меженің 4 айғы өсіміне тең келеді, - делінген хабарламада.
Өндіру көлемін ұлғайту альянсқа мүше – Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Оман, Ирак, Қазақстан, Алжир мен Ресей сияқты 8 мемлекет тарапынан қамтамсыз етіледі.
Сондай-ақ хабарламада келісіле отырып жасалған аталған ұлғайту шарасы осының алдындағы айлармен салыстырғанда өндіруді жеделдететіні айтылған.
Мамыр, маусым мен шілдеде альянс тәулігіне 411 000 баррельден қоса отырып, қара алтын бағасының түсуіне қарамастан мұнай өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарды асырып жіберді.
ОПЕК ұлғайту көрсеткіші тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін нарықтағы өзгеріске қарай өзгертілуі мүмкін екенін ескертті.
Сонымен қатар квотаны өсіру ұйымға мүше мемлекеттерге өтемақы төлеуді жеделдетуге мүмкіндік тудырады.
Қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін белгілейтін кездесу 3 тамызға жоспарланып отыр.
Бүгінде ОПЕК+ әлемде өндірілетін жалпы мұнай қорының 50 айызын қамтамасыз етіп отыр.
Осыған дейін ОПЕК ұйымының әлем бойынша мұнайға деген сұранысқа қатысты болжамды өзгеріссіз қалдырғанын жаздық.