ОПЕК мұнайы баррелінің бағасы 10 центке - 71,9 долларға дейін өсті

None
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - ОПЕК (OPEC Reference Basket of crudes) мұнай «себетінің» бағасы 71,9 долларға дейін өсті.

РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күнгі, желтоқсанның 21-індегі жағдай бойынша ОПЕК мұнайы баррелінің бағасы 10 центке өскен және мұның алдындағы сауда күніндегі 71,78 долларға қарағанда 71,88 долларды құрады.

«Себет» бағасының рекорды 2008 жылғы шілденің 3-інде орнатылды - баррель үшін 140,73 доллар. 2008 жылдың қорытындысы бойынша орташа баға баррель үшін 94,45 долларды құрады.