ОПЕК мұнайының бағасы шілденің 20-сында 64 доллар/баррельден асты

АСТАНА.   Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - ОПЕК-тің мұнай «кәрзеңкесінің» бағасы  дүйсенбі   күні  доллардан да тез қымбаттап,   64 доллардан  асып түсті,

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат  ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Мұнай  «кәрзеңкесінің» бағасы    шілденің 20-сында 1,41 долларға  көтеріліп,  64,64  доллар/баррельге жетті. Шілденің 17-сіндегі сауда күні  бұл  көрсеткіш 63,23 доллар/баррель  болған  еді.

ОПЕК  «кәрзеңкесінің»  бағасы     сегіз  айлық  үзілістен  кейін  алғаш рет маусымның 10-ында   70 доллар деңгейінен  асқан болатын.  Маусым   бойына  бұл  көрсеткіш   66-70  доллар  аралығында  болды.  «Кәрзеңке» бағасының рекорды   2008 жылы шілденің 3-інде  орнатылып,    140,73 доллар-баррель деңгейіне  жеткен еді. 2008   жылдың қорытындысы бойынша  орташа баға  94,45 доллар/баррельді құрады. 2009 жылдың қаңтар айында  ОПЕК мұнайының  орташа бағасы 41,52 доллар/баррельді  құраса, ақпан айында - 41,35 долларды,  наурыз  айында - 45,75 долларды, сәуірде - 50,2 долларды, мамыр айында - 56,98 долларды,  маусым  айында - 68,36  долларды  құрады.

2008 жылдың наурыз айында   кәрзеңке    Эквадордың есебінен мұнайдың 12 сұрыбына дейін кеңейтілген болатын. Осылайша,    қазір  ОПЕК   кәрзеңкесінің   бағасы    картельге мүше  елдер өндіретін мұнайлардың төмендегі сұрыптарының  нақты бағаларының  орташа  арифметикалық   көрсеткіші  ретінде анықталады: Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Куәйт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Сауд  Арабстаны), Murban (Біріккен  Араб Әмірліктері) және BCF 17 (Венесуэла).