ОПЕК мұнайының баррелі 45,73 долларға дейін қымбаттады
14:59, 06 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 3 маусым күні ОПЕК (OPEC Reference Basket of crudes) мұнай «себетінің» бағасы 0,15 долларға немесе 0,32 пайызға - бір баррель үшін сауданың алдында бір күн бұрын 45,58 доллардан бастап 45,73 долларға дейін өскен, делінген ұйымның хабарламасында.
Баррельдің маусым айындағы орташа бағасы 45,5 доллар деңгейінде, 2016 жылы - 34,66 доллар болып отыр.