Ресейлік «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, кеше, тамыздың 12-сінде мұнай «қоржынының» құны 0,02, долларға төмендеп, 71,04 доллар/баррельді құрады.
«Қоржын» бағасының рекорды 2008 жылы шілденің 3-інде орнатылып, баға 140,73 доллар/баррельге жеткен болатын. 2008 жылдың қорытындысы бойынша мұнай «қоржынының» орташа бағасы 94,45 доллар/баррелді құрады.
2008 жылдың наурыз айында Эквадордың есебінен ОПЕК «қоржынындағы» мұнай сұрыптарының түрі 12-ге жеткен болатын. Осылайша, қазір ОПЕК-тің мұнай «қоржынын» картельге мүше елдер өндіретін - Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Сауд Арабстаны), Murban (Біріккен Араб Әмірлігі) және BCF 17 (Венесуэла) сияқты мұнай сұрыптарының нақты бағаларының орташа арифметикалық көрсеткіші ретінде анықталады.