Жағдай оптимистік сипатта болған күннің өзінде, 2025 жылға қарай мұнай баррелінің бағасы 76 доллардан аспайды, деп хабарлайды The Wall Street Journal газеті ОПЕК баяндамасына сілтеме жасап. Керісінше жағдайда ОПЕК сарапшыларының пікірінше, мұнай баррелінің бағасы 2025 жылға қарай $40-дан да төмендеуі мүмкін.
Еске сала кетейік, соңғы сауда қорытындысы бойынша ОПЕК мұнайының бір баррелінің құны $62,44 құрады. ICE биржасындағы бүгінгі сауда барысында 2015 жылдың маусымында жеткізілетін Brent маркалы мұнай баррелінің құны $65 және $66 аралығында болды. Баяндамада ОПЕК елдеріне мұнай өндірудің қатаң квоталық жүйесіне оралу ұсынылды.