ОПЕК тағы да мұнай өндірісін шектеу жөнінде келісімге келе алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК жиынында мұнай өндірісін шектеу келісіміне келе алмағанына қарамастан, мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлады Би-би-си.

Венада ОПЕК кездесуінен кейін-ақ Brent маркалы мұнай бағасы 0,6% көтеріліп - бір баррелінің бағасы 50,04 долларға жетті.  

Бастапқыда баға түскен, алайда АҚШ-та мұнай қоры төмендеді деген хабардан кейін баға қайта көтеріле бастады.

ОПЕК мәлімдемесінде картель мүшелері мұнайдың тұрақты және  үйлестірілген нарықты қолдайтыны жазылған.

Венадағы отырыстан кейін Сауд Арабиясының өкілі оның елі мұнай өндірісін ұлғайтпайтынын айтты.

Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалих: "Бұл мәселеде нарыққа зиян тигізбеу үшін абай әрекет етеміз",- деді.

ОПЕК-ке мүше елдер әлемдегі мұнайдың 40% өндіреді.