ОПЕК-тің келесі отырысы 2017 жылғы мамырда өтетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК-тің келесі отырысы 2017 жылғы мамырда, Венада өткізілетін болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Конференция  ОПЕК-тің  келесі отырысы 2017 жылғы 25 мамыр, бейсенбі күні  Австияда, Венада өтетіндігі туралы қаулы қабылдады»,-делінген картельдің 171-інші отырысының қорытындысы бойынша мәлімдемеде.

Бұдан бұрын ОПЕК-ке мүше елдер 2017 жылдың қаңтарынан бастап мұнай өндіруді қысқарту жөніндегі келісімге қол жеткізген еді.