Іс-шараға келушілердің қолайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында концерт өтетін күні «Астана Арена» стадионы маңында, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Еске сала кетейік, 29 маусым - 5 шілде аралығында А.Кравцов көшесі бойынша Таха Хусейн көшесінен Ж.Ташенов көшесіне дейінгі учаскеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.