Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін іс-шара аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қосымша 60 автобус желіге шығарылып, келесі бағыттардағы автобустар саны артады:
Қала орталығы бағытында:
№10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67 және №501.
Әуежай бағытында:
№10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67, №302, №303, №308, №309 және №501.
Жол ақысы қолданыстағы қалалық тариф бойынша төленеді. Жеңілдікпен және мектепке арналған жол жүру карталары бұрынғыдай қолданыла береді.
Жолаушылар легі көбейетіндіктен, жол жүру жоспарын алдын ала құрған жөн.
Айта кетелік Open Air концертіне байланысты «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектелетіні туралы жазған едік.