OpenAI модельдері тестілеу кезінде күтпеген әрекет көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM + Америкалық Hugging Face компаниясының инфрақұрылымына жасалған кибершабуылдың артында тұрған OpenAI ЖИ агенттері қауіпсіз сынақ ортасынан қашу әдістерін ешқандай адамның нұсқауынсыз жасырын түрде алмастыра бастады, деп хабарлайды Politico.

Фото: day.az

Бұл мамыр айында, OpenAI ЖИ агенттері ішкі тестілеу кезінде Hugging Face платформасына шабуыл жасағанға дейін бірнеше апта бұрын болған.

OpenAI зерттеушілерінің хабарлауынша, модельдерге Google Drive сілтемелерін пайдаланып Excel кестесінде жетіспейтін формулаларды толтыру тапсырылған. Бұл ретте нтернетке кіру мүмкіндігі бұғатталған, ал тапсырманы онсыз орындау мүмкін емес еді.
ЖИ агенттері байланысу арқылы шектеулерді айналып өту жолын табу үшін бірлесіп жұмыс істеп, желіге кіруге мүмкіндік беретін осал тұсты анықтады.

Әзірлеушілер алғашқы әрекетті тоқтатты, алайда кейін агенттер оқшауланған сынақ ортасынан тыс қайта шыға алды. Бұл оқиға шілдедегі кибершабуылға әкелді — OpenAI компаниясы өз технологиясына негізделген автономды жасанды интеллект агенті сынақ барысында бақылаудан шығып, өз бетінше белгілі бір стартаптың жүйесін бұзғанын мәлімдеді. Компания бұл жағдайды «бұған дейін болмаған оқиға» деп бағалады.

Бұған дейін Apple компаниясы OpenAI-ды коммерциялық құпияларды ұрлады деп айыптаған болатын. 

Сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы жетекші компаниялардың басшылары G7 елдерінің көшбасшыларымен кездесіп, технологияның даму келешегін, оның әлемдік экономика мен еңбек нарығына ықпалын, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерін талқылайтынын хабарладық.