04:05, 25 Наурыз 2026
OpenAI Sora жасанды интеллект негізіндегі бейне генераторын жабу туралы шешім қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық OpenAI технологиялық компаниясы шынайы бейнегенератор — Sora нейрондық желісін жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.
Мұндай шешім неліктен қабылданғаны туралы ақпарат берілмеді.
OpenAI Sora-ны 2024 жылдың желтоқсанында іске қосты және сол кезде жасанды интеллектімен жұмыс істейтін бейне жасаудағы ең озық құралдардың бірі болды.
Sora мәтіндік сипаттамаларға негізделген дауыспен шынайы бейнелер жасайды.
Айта кетейік, осыған дейін OpenAI басшысы жасанды интеллектіні реттейтін жаһандық орган құруға шақырған болатын.