деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған ҚР Еңбек сіңірген артисі Бейімбет Қожабаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Бөкенов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Талғат Күзембаев пен Гүлзат Дәуірбаева, Дина Хамзина, Дина Түтмағамбетова, Балапан Жұбаева, Лада Қысықова, Болат Есімханов сияқты халықаралық және республикалық түрлі байқаулардың лауреаттары қатысады. Сондай-ақ Мұхтар Қалдаяқовтың жетекшілігімен камералық ансамбль өнер көрсетеді. Онда фортепианодағы партияларды, Халықаралық байқаулардың дипломанты Зарина Гафиатуллина мен Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының доценті Неля Баяхунова орындайды.