деп жазады «Экспресс К» газеті бүгінгі санындағы «Напела на джип» деген тақырыптағы мақаласында.
Алматыда қала күнін мерекелеу аясында оңтүстік астана туралы үздік әндердің «Алматым жүрегімде» байқауы өтті. Оған 30-дан астам орындаушылар мен музыкалық ұжымдар қатысты. Ал конкурсанттарды шоу-бизнестің Медеу Арынбаев, Айгүл Мүкей, Айдос Сағат, Нұрлан Қаражігітова, Аида Қауменова, Жәмила Айымбетова, Наджиб Вильданов сынды кәсіби шеберлері бағалады.
Байқауға қатысушылар қазылар алқасына барынша қызықты композициялар ұсынды. Тіпті Алматыда тұрып жатқан итальяндық әртіс Сон Паскаль «Арман қала» әнін жазып, оны әнші Луинамен бірге орындады. Дегенмен қорытынды нәтижеде қазылар алқасы опера әншісі әрі «Азияда-2011 аруы» Күміс Базарбаеваның әнін үздік деп таныды. Қазақ және ағылшын тілінде «Алматы» әнін орындап, бас жүлдеге ие болған К.Базарбаева жол талғамайтын джип көлігін сыйлыққа алды. Оның атап өтуінше, Алматы туралы бұл ән Оңтүстік Кореяда, гастрольдік сапар кезінде жазылған.