Опера әншісі Галина Вишневская дүниеден өтті

None
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Көрнекті опера әншісі Галина Вишневская дүниеден өтті, деп хабарлады «Культура» телеканалы.

РБК агенттігінің хабарлауынша, Галина Вишневская 1926 жылы Ленинградта дүниеге келді. Ленинград қоршауында болды, он алты жасынан бастап, әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінде қызмет етті. 1944 жылы Ленинград облыстық оперетта театрының хорына кіріп, кейіннен жеке партияларды орындай бастады.

1955 жылы   кейіннен атақты виолончелист атанған М.Ростроповичке тұрмысқа шықты, оның ансамблінде әлемнің ең беделді концерт сахналарында өнер көрсетті.

КСРО халық әртісі (1966), «Отанға сіңірген еңбегі үшін»  орденінің толық иегері.