«Фальстаф» - бұл орындаушыдан мықты вокалмен қоса, актерлік шеберлікті де талап етеді.
«Абырой болғанда, қойылым сәтті өтті», - деп жазды швейцариялық «Наша газета» басылымы.
«Екі орындаушыға ерекше назар аударғымыз келеді. Ол баритон Константин Шушаков (Лорд Форд рөлінде) және тенор Медет Шотабаев (Фентон рөлінде). Оларды женевалық сахнада тағы көреміз деп ойлаймын, - деп атап өтеді басылым. - Медет Шотабаев - нағыз лирикалық тенор. Тембрінде нәзіктігі басым түссе, тіпті керемет болар еді, ал жоғары үнді еркін алады, халықаралық мансапқа лайықты әнші».
Атап өтсек, Медет Шотабаев опера сүйер қауымға көптен бері белгілі. Оның орындауында «Риголетто» (Герцог), «Травиата» (Альфред) Дж. Верди, «Любовный напиток» (Неморино) Г. Доницетти, «Богема» (Рудольф), «Мадам Баттерфляй» (Пинкертон), «Тоска» (Каварадосси) Дж. Пуччини, «Евгений Онегин» (Ленский) П. Чайковский, және т.б. бас партиялар бар.