- Елордадамызда Astana Opera театрымыз тұр. Қазір әлемнің басқа да опера театрларын көріп жүрмін. Біздің театрымыз керемет. Өте үлкен, ауқымды. Ішіне кірсеңіз, хан сарайына кіргендей әсерде боласыз. Әрине, опера тыңдайтын адамдар жоқ деп айта алмаймын, өте көп. Бірақ, әлде де көбейсе екен деп ойлаймын. Опера театрына суретке түсу үшін емес, керемет музыка тыңдауға барса екен деймін, - деді Әйгерім Алтынбек Kazinform агенттігіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін опера әншісі Әйгерім Алтынбек бір адамды кумирім деп айта алмайтынын айтқан болатын.