Судья Нұрлан Баяхметов сот шешімімен таныстыра отырып, барлық сотталушыға қатысты үкімнің өзгеріссіз қалғанын айтты.
Еске салайық, 2022 жылдың 1 сәуірінде 13 миллиард теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікпен «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры қамауға алынған еді.
Антикордың мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «Оператор РОП» ЖШС-нің басқа да қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.
Еске салсақ, биыл 3 шілдеде «Оператор РОП» ЖШС-нің бірнеше басшысы мен бұрынғы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловқа сот үкімі шықты.
Соттың үкімімен бұрынғы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов 7 жылға, «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Людмила Коротенко 7 жылға, «Оператор РОП» ЖШС-нің сол кездегі директоры Медет Құмарғалиев 7 жылға және аталған мекеменің бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
«Соттың қаулысымен «Оператор» РОП басшылары және бұрынғы экология вице-министріне қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Үкімге сәйкес, бірінші сатыдағы сот 2016 жылдан бастап Оператор РОП-тың үш басшысы және экология вице-министрі кезекпен аффилиирленген компанияның қызметтеріне негізсіз ақы төлеу жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлағанын анықтады», - деді судья Нұрлан Баяхметов.
Сондай-ақ судьяның айтуынша, бұрынғы Экология вице-министрі өкілеттілігін асыра пайдаланып, заңсыз бұйрыққа қол қойған.
«Оған сәйкес кабельдік өткізгіш өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылардың ауыр зардаптарға байланысты кеңейтілген міндеттемелер енгізілген. Сондай-ақ, «Оператор РОП» ЖШС басшылары экс-вице-министрдің көмегімен Қазақстан аумағында алты қоқыс жағатын зауыттың аффилиирленген компаниясын салу кезінде ЖШС шотындағы 180 миллиард теңгені ұрламақ болған. ЖШС басшысы дивидендтер төлеу түріндегі бюджет қаражатын 920 миллион теңге көлемінде қолды етті», - дейді ол.
Биыл 27 шілдеде іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадициялады.