«Қазақтелеком» деген бөлек ұйым. Біз саланы реттеуші ғанамыз. Жаңа ғана менде де «Қазақтелекомға» дәл сіздердікіндей наразылық болды», - деді ол
Айтуынша, бүгін таңертең үйінен Үкімет отырысына келе жатқанда ұялы интернеттің нашарлағанын көріп, «Қазақтелеком» басшысына шыққан.
«Бүгінгі интернет іркілісін алсақ, заңнамаға түзету енгізу керек шығар. Біз бастама көтереміз. Ол түзету бойынша біз операторларды интернетте 5 минуттан артық іркіліс болса, халыққа БАҚ арқылы хабарлауға міндеттейміз. Осылай істеуге мен дайынмын», - деді министр.