CENTCOM мәліметіне сәйкес, операцияның алғашқы тәулігінде Иран аумағындағы 1000-нан астам бағытқа соққы жасалған.
Қолбасшылықтың ресми есебінде операция барысында қолданылған америкалық әскери құралдар аталған. Олардың қатарында стелс-бомбалаушы ұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар), жойғыш ұшақтар және зымыранға қарсы қорғаныс кешендері бар.
Мәлімдемеде Иранға жасалған соққылардың нысаналары да көрсетілген. Олардың ішінде басқару және бақылау орталықтары, баллистикалық зымырандар орналасқан орындар, сондай-ақ Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының біріккен штабы бар екені айтылған.
Бұл ақпарат Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) операцияның алғашқы күні «өте елеулі жетістіктерге» қол жеткізілгені туралы мәлімдемесімен үндесіп отыр.
Еске сала кетсек, Израильдің батысындағы, Иерусалимге жақын орналасқан Бейт-Шемеш қаласына жасалған зымыран соққысы салдарынан 9 адам көз жұмды.