Бұл туралы Украинаның әділет министрі Елена Лукаш мәлімдеді. Министрдің мәлімдемесі ел президентінің ресми порталында жарияланған, деп хабарлады РБК.
Е.Лукаштың атап өтуінше, оппозиционерлерге «радикалды әрекеттерді қолдауға жол бермеу» тапсырылған. «Диктатура туралы заңдар» «еуропалық деңгейге» сәйкес келу үшін қайта қаралатын болды.
Е.Лукаш ел президенті Виктор Януковичтің оппозиция көшбасшылары Арсений Яценюк («Батькившина» партиясы), Виталий Кличко (УДАР) және Олег Тягнибокпен («Свобода») келіссөздері жалғасады.