О. Царевтің айтуына қарағанда, Виктор Януковичтің Арсений Яценюкке премьер-министр қызметін атқаруды ұсынысына оппозиция көшбасшылары сейсенбі күні өтетін Жоғарғы Раданың отырысы кезінде жауап бермекші. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, Украина Президенті Виктор Янукович Арсений Яценюкке - премьер-министр, ал Виталий Кличкоға - гуманитарлық мәселелер жөніндегі вице-премьер лауазымдарын атқаруды ұсынған болатын.
23:03, 26 Қаңтар 2014
Оппозиция өкілдері Украина Президентінің ұсынысына сейсенбіге дейін жауап бермекші
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Украиналық оппозиция өкілдері ел президенті Виктор Януковичтің ұсынысына сейсенбі, 28 қаңтарға дейін жауап бермекші. Бұл туралы Майдан көшбасшыларымен келіссөз жүргізіп жүрген, «Аймақтар партиясының» депутаты Олег Царев мәлімдеді, деп жазады РБК.