Оның сөзіне қарағанда, ақпараттық қоғамда диалог жалпыға бірдей құндылықтарға негізделуі тиіс. Ал оппозициялық басылымдар бұл үдеден шыға алмай отыр.
«Аталмыш кемшілікті жою үшін біз бірқатар ұсыныстар енгізуді жөн санап отырмыз. Яғни бізге бүгін оппозициялық бағыттағы ақпарат құралдарының журналистерін оқу курстарынан өткізу ісін жолға қою қажет. Бұл әсіресе жас журналистерге қатысты қолға алынуы тиіс шара. Олар демократиялық мәдениет дегеннің не екенін түсініп, өздерінің оқырмандарын сыйлай білулері керек. Бізде ортақ ақпараттық кеңістік болғаны жөн және ол елде демократияны қалыптастыруға зор ықпалын тигізуі тиіс», - деді консультативтік топ өкілі.
19:12, 26 Қараша 2010
Оппозициялық басылым журналистерін оқыту курстарынан өткізу қажет - ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясы
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - ЕҚЫҰ Саммитінің Шолу конференциясында «Перспектива» консультативтік тобының өкілі «Қазақстандағы шет мемлекеттерден қаржыландырылатын оппозициялық бағыттағы ақпарат құралдарының өкілдері тек билік иелерімен ғана емес қалың көпшілікпен, сарапшылық кеңестермен, үкіметтік емес ұйымдармен де демократиялық диалог жүргізе алмайды», деген пікірін білдірді.