Оппозициялық көшбасшылардың бірі Виталий Кличко президенттің «елде болып жатқан жағдайды шынайы бағалай алмайтындығын» мәлімдеді, деп хабарлады УДАР партиясының баспасөз қызметінен.
Кличконың сөзіне қарағанда, Януковичтің келіссөздер барысында айтқаны - «оппозиция жетекшілері Майдандағы адамдарды қарсылық көрсетуден бас тартуға және қаруларын тастауға шақыру». УДАР басшысының сөзіне қарағанда, биліктегілер «күш-қуат құрылымдарын дереу әкетіп, қанқұйлы текетіресті тоқтатуы тиіс».
Кличконың айтуынша, «қантөгіс кезінде» келіссөздер туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Адамдардың қазаға ұшырауына ол тікелей билікті айыптап отыр, оның айтуына қарағанда, «Киевтің ортасында күш-қуат құрылымдары шерушілерді аяусыз қырып жатыр».
Майдан көшбасшылары мен Янукович арасындағы келіссөздер оппозицияның бастамасымен Тәуелсіздік алаңында қарсылық көрсетушілер лагеріне шабуылдан кейін басталды. Соңғы ресми деректер бойынша, Киевте тәртіпсіздік салдарынан 18 адам (11 азаматтық тұлғалар мен 7 құқық қорғаушы) мерт болды.