Оппозицияшылдар Саакашвилидің резиденциясының алдында пикет ұйымдастыруда

ТБИЛИСИ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Грузияда оппозиция өкілдері Саакашвилидің резиденциясының алдындағы наразылық шараларын қайта жандандыруда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Полиция кеше кешке наразылық білдірушілердің шатырлы қалашығын жермен-жексен еткеннен кейін, грузин оппозициясының жетекшілері мен олардың көптеген жақтаушылары қайта бас қосты. Шараға қатысушылардың хабарлауынша, бүгін түнде формадағы және қарапайым киімдегі он шақты полицей пикетшілерді шабуылдап, оларды соққыға жыққан, шатырларын қиратқан, содан кейін іздерін жасырған.