Жарияланымда Сарыарқа ауданы әкімдігінің маңызды ұстанымы жұмыстарды жедел орындау екендігі аталып өтілген.
Сенбі күні сағат 21-29-да Сарыарқа ауданының тұрғыны аудан әкімінің жеке ұялы телефонына WhatsApp қосымшасы арқылы Оқжетпес пен Жалиль көшелерінің (№20 мектеп аймағы) қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған асфальт жолдың опырылып түскендігін фотоға түсіріп жіберген.
«Аудан әкімі шұғыл түрде жағдайды бағалап, келеңсіздіктерді жою үшін мамандарды жіберді. Сағат 00-54-те аудан әкімдігінің мамандары астана қалалық автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп, аталған жаяу жүргінші жолының опырылған жерін қалпына келтірді», - деп мәлім етті аудан әкімдігінен.