Орал-Алматы бағытындағы FlyArystan рейсі 13 сағатқа бөгелді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Орал-Алматы бағытындағы FlyArystan КС7168 рейсі 13 сағатқа бөгелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежайда қалған жолаушыларға тамақ беріліп, қонақжайға орналастырылды.

FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, рейстің бөгелу себебі рейскедайындық кезінде ауаны жіберуді бақылау жүйесін қосымша тексеруге тура келді. FlyArystan-ның басты принциптерінің бірі –қауіпсіздік болғаннан кейін, әуе компаниясының инженерлері бортты толықтексерістен өткізуді жөн көрді. Бұл процес 13 сағатқа созылды. Қажеттітехникалық тексеріс өткізілгеннен кейін әуе кемесі жұмысын ойдағыдай жалғастырды.

Рейс кеш ұшады деген хабар келгеннен кейін, әуе компаниясының қызметкерлері,жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сай жолаушылардың барлығына су мен жеңілтағам беріліп, компанияға хабарласқан 50 адам қонақ үйге орналастырылды.

Айтакетейік, кеше FlyArystan әуе компаниясы ұшақ қозғалтқышының істен шығуы туралыақпаратты теріске шығарғандығы туралы ақпарат тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар