ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған екі көліктен 24 қап балық табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 ақпан күні Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы аумағында болды.
Жол жүру ережесін сақтамаған жүргізушілер рульге ие бола алмай, «Тойота Прадо» және «LEXUS LX 470» көліктерінің жол жиегіне аударылып қалуына жол берген.
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері екі автокөліктің салонынан тиісті құжаттары жоқ 24 қап қара балықтарды тапты.
Балықтың нақты салмағы сараптамадан кейін белгілі болады.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 196-бабына (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда көктайғаққа байланысты тағы да жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).