Жолаушылар ағынының өсуін ескере отырып, Орал әуежайын кең ауқымды түрде жаңғырту қажет. 2015 жылы әуежайды жаңартуға респбуликалық бюджеттен 2,53 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржы ұшыру-қондыру жолағын ұзартуға және кеңейтуге, жанында қауіпсіздік жолағы құрылғыларын орнатуға, жоғары жиіліктегі жарық-дабыл құралдарымен қамтамасыз етуге жұмсалады.
Еске сала кетейік, өткен жылғы күзде ұшыру-қондыру жолағын жаңғыртудың алғашқы кезеңі аяқталды және қараша айында Орал әуежайы өз жұмысын бастады.